Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі алдында жоспарларымен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бірінші жекпе-жегімде-ақ чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасу — мен үшін үлкен мүмкіндік. Мұндай мүмкіндікке ие болғаныма өте қуаныштымын. Қарсыласым әлсіз боксшы емес. Оның соққылары өте мықты әрі жойқын, кәсіпқой бокста тәжірибесі бар.
Алла қаласа, жекпе-жекті барынша белсенді өткізуге, соңына дейін жұмыс істеуге және рингті қарсыласыма бермеуге тырысамын. Қарсыласымның мықты болғаны мен үшін жақсы. Екеуіміз көрермендерге тартысты әрі қызықты жекпе-жек көрсете аламыз деп ойлаймын.
Қазір бабымдамын және алдағы жекпе-жекке толық дайынмын. Бұл кездесуді өзім қаладым. Кәсіпқой бокста өзімді сынап көру маған қызық болды. Алдағы жоспарларыма келсек, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын.
Басты мақсатым — Алла қаласа, өз салмағымның патшасы атану. Бір күні Иноуэмен бір рингте жұдырықтасқым келеді. Ол — маған ең ұнайтын боксшылардың бірі», — деді Санжар Тәшкенбай.
Айта кетейік, бұл бокс кешінде бірінші жеңіл салмақтағы IBF Asia нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
