Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтары жалғасып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Азия ойындарына 70 келіге дейінгі салмақта кімнің баратыны әзірге белгісіз. Бұл салмақта тәжірибелі Абылайхан Жүсіпов пен жас жұлдыз Төрехан Сабырхан арасында таңдау жасалады.
Sports.kz журналисі Нұржан Насановтың Төрехан Сабырханға басымдық беруі мүмкін екенін болжады. Журналистің пікірінше, Жүсіповтің тәжірибесі мол болғанымен, Сабырханның соңғы жетістіктері мен жоғары деңгейдегі боксқа деген қызығушылық оның пайдасына жұмыс істеуі мүмкін.
«Алайда мұнда бір маңызды жайт бар. Сабырхан сәуір айынан бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол ересектер арасындағы мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатының финалында Төрехан күтпеген жерден иорданиялық Зияд Ешаашқа есе жіберді.
Ал қызығы сол, кейін Қытайдағы әлем кубогының жартылай финалында Абылайхан Жүсіпов Зияд Ешаашты жеңіп, белгілі бір деңгейде Төреханның есесін қайтарды.
Нұржан Насанов бұл жайтқа назар аудара ма? Әбден мүмкін. Сондай-ақ бас бапкер Абылайханға, бәлкім, соңғы Азия ойындарына қатысу мүмкіндігін беруді жөн көруі де ықтимал»,- деп жазды.
Айта кетейік, Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
