Таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open G-1 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
53 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нодира Ахмедова ширек финалда жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Финалға шығу жолында ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Қытай өкілі Цзо Цзюймен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, China Open G-1 турниріне әлемнің 30-ға жуық елінен 279 спортшы қатысты.
