Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы елге оралды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жас спортшыларды Алматы әуежайында жанкүйерлері мен жақындары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 10 медаль жеңіп алып, ел спорты тарихындағы айтулы жетістіктердің біріне қол жеткізді.
Сонымен қатар ұлттық құрама аралас командалық сында да топ жарып, әлем чемпионы атанды. Финалда қазақстандықтар Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.
