Ташкентте жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Алтын медальді Ұлболсын Есіркеп (найза лақтыру), Юлия Башманова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Виктория Ан (100 және 200 метрге жүгіру), Иван Иванов (ядро серпу), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Зелимхан Насыров (үш қарғып секіру) иеленді.
Сондай-ақ 4×100 метрлік эстафетада Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Антонина Чернышева және Юлия Башманова өнер көрсетіп, чемпион атанды.
Күміс жүлдеге Никита Изотов (800 метр), Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот және Ромео Петров (4×100 метр эстафетасы), Алан Иванов (400 метр), Милана Зубарева (400 метр), Анастасия Калошина (балға лақтыру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) және Анастасия Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) ие болды.
Ал Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Ақбілек Құралбай (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Томирис Ерматова (балға лақтыру), Варвара Дмитриева (үш қарғып секіру), Антонина Чернышева (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Екатерина Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) қола медаль жеңіп алды.
