IBA басшысы Умар Кремлёв IBA Nomad турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында жанкүйерлерге автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Халықаралық бокс күніне орай Астанада IBA мен Nomad бірлескен турнирі өтеді. Турнир барысында қазақстандық үш жанкүйерге Умар Кремлёвтің атынан Toyota автокөлігі сыйға тартылмақ.
«Біз ақылдаса келе, үш Toyota автокөлігін сыйлаймыз деп шештік. Автокөліктер ертең арена алдына қойылады. Белсенді болыңыздар», — деді Кремлёв.
Айта кетейік, IBA NOMAD турнирінде Санжар Тәшкенбай бірінші ең жеңіл салмақтағы бос тұрған IBF Asia чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
