Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Санжар Тәшкенбайдың Астанада өтетін титулдық жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
28 тамызда Астанада Халықаралық бокс күніне орай IBA Nomad турнирі өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде Санжар Тәшкенбай филиппиндік Нил Хакамосқа қарсы шаршы алаңға шығады.
Он раундқа жоспарланған кездесуде бірінші жеңіл салмақтағы WBA Asia ұйымының бос тұрған чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Айта кетейік, 25 жастағы Нил Хакамос кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, 7 рет жеңіске жеткен. Ал Санжар Тәшкенбай үшін бұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жек болмақ.
