Умар Кремлев ресейлік боксшылардың World Boxing жарыстарына ұлттық туымен қатысуына рұқсат берілуіне байланысты Головкинге алғыс айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Кремлев Қазақстанның талай ұлы чемпиондарды тәрбиелеп шығарғанын айтып, Головкинді әлемдегі ең үздік спортшылардың бірі ретінде атап өтті.
«Мен бұған дейін де Қазақстанның ұлы чемпиондарды тәрбиелеп шығарғанын айтқанмын. Головкин — әлемдегі ең ұлы спортшылардың бірі. Оның да, менің де мақсатымыз — боксшылардың ештеңеден тарықпауы және оларға ешқандай шектеу қойылмауы.
Біздің мақсатымыз — әр боксшының өз елін, өз халқын лайықты түрде таныстыруына мүмкіндік беру. Біз барлығымыз бірігіп, боксшыларға ең жақсы жағдай жасай аламыз.
Сондай-ақ Геннадийге тәуелсіздігі, табандылығы, қатаң ұстанымы және боксшылардың мүддесін қорғағаны үшін алғыс айтқым келеді», — деді Умар Кремлев.
