Италия мен Германия құрамалары волейбол тарихындағы ең ұзақ сеттердің бірін өткізіп, рекорд орнатты, деп жазады Sportbugin.kz.
Тартысты кездесу Италияда өткен жолдастық матчта ұйымдастырылды.
Кездесудің алғашқы партиясы
1 сағат 29 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде командалар 130 ұпай сарапқа салып, жеңімпазды анықтау үшін есепті 66:64-ке жеткізді.
Ойын алаң иелерінің 3:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Италиялықтар алғашқы партияда 64:66 есебімен есе жібергенімен, кейінгі төрт сетте үш рет басым түсті — 25:22, 23:25, 25:22, 15:12.
Осылайша, Италия мен Германия арасындағы алғашқы сет волейболдағы ең ұзақ партиялардың бірі ретінде тарихта қалды.
Бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Кореяның клубтық командаларына тиесілі еді. «Кореан Эйр Джамбос» пен «Раш энд Кэш» арасындағы кездесуде сет 56:54 есебімен аяқталған.
