Италиялық көркем гимнастика шебері София Раффаэли әлем чемпионатынан қайтып келе жатқанда жол апатына түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшы мінген көлік жолда жүк көлігімен соқтығысқан. Раффаэли Көркем гимнастика федерациясына тиесілі көліктің артқы орындығында федерацияның басқа мүшелерімен бірге отырған. Көлікті федерация қызметкері басқарған.
Апаттан кейін гимнаст қыз үйіне оралып, қазіргі уақытта өзін жақсы сезініп жүр. Софияның қолында жеңіл жарақат пен сырылған жерлер ғана бар.
Қазір спортшының жағдайы тұрақты, денсаулығына қатысты алаңдауға негіз жоқ.
