VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына моңғолдың ұлттық күресі ресми түрде енгізілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Биылғы дода 31 тамызда Қырғызстанның Бішкек және Шолпан-Ата қалаларында басталады.
Екі жылда бір рет өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 43 спорт түрінен шамамен 4 мың спортшы бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанаты 55 мың көрерменге арналған жаңа стадионда өтеді.
