Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында күлгін түсті спорттық форма киеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Форма дизайнында Азия ойындарының Нагоядағы логотипіндегі түстер мен жарыс медальдарының ленталарындағы реңктер негізге алынған. Сонымен қатар қазақы ою-өрнек бейнеленген. Жаңа экипировка Жапонияның климаттық жағдайына бейімделіп, ауа өткізетін материалдан жасалған.
Биылғы форманы жапондық танымал Mizuno бренді әзірлеген. Жаңа үлгіде ұлттық элементтер мен Азия ойындарының символикасы үйлестірілген.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
