![0ecd1374-4a7b-4022-85be-a3f16aa7a077](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/0ecd1374-4a7b-4022-85be-a3f16aa7a077-1024x680.jpg)
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер командасы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасы топтағы төртінші ойынын өткізіп, Жапония құрамасынан басым түсті. Есеп — 4:1.
Қазақстандықтар матчтағы алғашқы шайбаны өз қақпасына жіберіп алған. Бірақ біздің ойыншылар барынша жиналып, қарсылас қақпасын төрт рет дәл көздеді.
Қазақстан — Жапония, 4:1
1:0 — Окубо (Оцу, Цутсуми) — 01:28
1:1 — Борисевич (Оспанов, Буяльский) — 15:00
1:2 — Бекетаев (Савицкий, Колесников) — 31:58
1:3 — Рымаев (Бекетаев, Оспанов) — 35:15 Б
1:4 — Старченко (Рымаев, Өмірбеков) — 45:19
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань және Таиландпен А тобына түсті.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК