
Асу Алмабаев қазақ спортшылары арасынан UFC-де басты жекпе-жек өткізетін алғашқы балуан болмақ, деп жазады Sportbugin.kz.
Асу 2 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегінде португалиялық Манель Капемен кездеседі.
UFC рейтингінде Алмабаев сегізінші, Капе алтыншы орында тұр. Бұл Капенің қазақстандық спортшыларға қарсы өткізетін екінші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейін ол Жалғас Жұмағұловты нокаутпен жеңген еді.
Асудың қарсыласы осымен үшінші рет ауысып отыр. 2 наурыздағы турнир Лас-Вегаста өтеді.