![54](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/54.webp)
Қытайда туып-өскен этникалық қазақ спортшы Ақнар Адаққызы Харбинде қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ақнар конькимен жүгіруден із қуу жарысында Қытай сапында жеңіске жетті. Қытай құрамасының нәтижесі – 3 минут 02.75 секунд.
Күміс пен қоланы тиісінше Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары еншіледі.
Қазақстандықтар Надежда Морозова, Кристина Шумекова және Мария Деген бұл бәсекеде жүлдеге іліге алмады.
Конькиші Ақнар Адақ – Шынжаң өлкесі Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5 000 метрлік жарысында — алтын, 3 000 метрде — күміс медаль алған.
2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.
Сонымен қатар ол былтыр қараша айында Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында топ жарды.