![650e22b2-f74b-45c8-8ff5-c6cc53c8fd26](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/650e22b2-f74b-45c8-8ff5-c6cc53c8fd26-1024x685.jpg)
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында ерекше жайт орын алды, — деп жазады Sportbugin.kz.
Шаңғы акробатикасында топ жарған Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаевқа қарсыластары үлкен құрмет көрсетті.
Марапаттау рәсімінде күміс және қола медаль алған қытайлық спортшылар Қазақстан атлеттерінің мықтылығын мойындап, тұғырда олардың чемпион екеніне айрықша мән берді.
«Олардың мықтылығы біздің құрметімізге лайық болды. Мінберде тұрғанымызда, екі шетте қытайлық спортшылар, ал ортада қазақстандық спортшылар екенін байқадық. Сол себепті, достарымызды ерекше тәсілмен құттықтап, құрметімізді көрсеткіміз келді», — деді Қытай құрмасының мүшесі Ци Гуанпу «Қазақпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетелік, қазақстандық фристайлшылар қысқы Азия ойындарында жалпы есебі төрт медаль жеңіп алды.
Фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясы