![38](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/38.png)
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы сапында күресіп жүрген бұрынғы ресейлік спортшы Виктория Хусаиноваға қатысты федерация өкілдері ресми түрде пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Виктория Хусаинованы легионер деп айтпас бұрын, легионер ұғымы жайлы түсіндіріп өтейін. Легионер – еліміздегі спорт клубтарында өнер көрсететін шетел азаматы. Ал ұлттық құраманың намысын тек қана Қазақстан азаматтығын алған спортшылар ғана қорғай алады.
Ел азаматтығын алған спортшы басқа да қазақстандық азаматтар сияқты бірдей дәрежедегі құқықтарға ие болады. Ол заңмен бекітілген. Яғни, оларға бірдей талаптар мен жауапкершілік артылады. Хусаинова 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған.
Ақмола облысының атынан күресетін ол 2024 жылдан бастап барлық республикалық жарыстарға қатысты», — деді Қазақстан күрес түрлері федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов.
Айта кетелік, бас бапкер Қайрат Сағадиев Хусаинованың қазақстандық балуанға тұрмысқа шыққанын айтты.
Виктория биыл Ярыгин турнирінде күміс жүлде алған.