
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Sportbugin.kz тілшісіне сұхбат беріп, Азия чемпионатына баратын құрам қалай таңдалғанын айтты.
Алдын-ала хабарланғандай, қосымша белдесулер өткізілмеген.
«Нұрқожа Қайпановтың қарсыласы Әлібек Әбдіқасым белдесуден бас тартты. Ал 61 келідегі Мейрамбек Қартбай ауырып жүргендіктен, қосымша кездесуге шықпайтынын айтты. Сондықтан, «прикидка» өткізілген жоқ.
Ал жалпы құрам Албаниядағы рейтингілік турнир мен Қонаев атындағы халықаралық жарыс қорытындысы бойынша жасақталды. Команданың алдында 4-5 медаль жеңіп алу мақсаты тұр», — деді бас бапкер.
Айта кетелік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты 25-30 наурыз күндері өтеді.