
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 53 келіде белдескен Зейнеп Баянова турнирдің қола жүлдегері атанды. Кіші финалда Зейнеп моңғолиялық Отгонтуя Чинболдпен белдесіп, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
Зейнеп турнир барысында Оңтүстік Корея балуанын жеңіп, ширек финалда Солтүстік Корея балуанынан жеңілген еді.
Бұл Зейнеп Баянованың ересектер арасындағы алғашқы жүлдесі.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде кілемге шыққан қазақстандық балуан қыздардың ешқайсысы жүлде алған жоқ.