
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Әлем чемпионатынан кейін әйелдер арасындағы рейтинг кестесін жаңартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жаңа тізімде Қазақстан дзюдошысы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға көтерілді. Бұл – отандасымыз үшін үлкен жетістік.
Әлемдік рейтинг көшін италиялық Ассунта Скутто бастап тұр – оның ұпайы 5958. Ал Әбужақынованың еншісінде 5662 ұпай бар. Үздік үштікті 5170 ұпай жинаған Франция өкілі Ширин Букли түйіндейді.
Төртінші орында – Германиялық Тара Бабулфат (4927), ал үздік бестікке Жапония спортшысы Кога Вакана (4610) кірді.
Айта кетейік, Әбиба биылғы маусымда бірқатар ірі халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрініп жүр. Сарапшылар оның алдағы Олимпиада ойындарында да медальға үміткер екенін алға тартады.
Венера Умирзакова