
Астанада аяқталған бокстан әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы 8 алтынмен көш бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Өз елімізде өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан жалпы есебі 8 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола иеленді. Ал ерлер құрамасының еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.
Айта кетелік, жалпы есепте екінші орынды Бразилия (4 алтын, 2 күміс, 2 қола), үшінші орынды Үндістан (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) еншіледі.
Әлем кубогының қорытынды кезеңі қараша айында Үндістанда өтеді.