
Бахрейннің Манама қаласында АММА ММА-ден Азия чемпионаты аяқталды. Аталған сында атыраулық Самира Леспаева топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
45 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Самира турнирдегі барлық қарсыласынан басым түсті. Ал финалдық бәсекеде ирандық спортшыны айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, Самира Бахрейн төрінде қазақтың көк туын желбіретті. Бұған дейін ол ММА-ден жасөспірімдер арасындағы әлем чемионы атанған болатын.
Самира Атырау өңірінің тумасы. Ол кішкентайынан спортқа жақын боп өсіп келеді.
Жеке бапкері — Жұмагелді Жалғасұлы.