
УЕФА Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы тарихи ойында «Қайраттың» қақпасын қорғаған Шерхан Қалмырзаға жаңа көлік сыйланған еді. Жанкүйерлер «Темірланның еңбегі еленбей ме” деп дүрлікті, деп жазады Sportbugin.kz
«Реалға» қарсы ойында “Қайраттың” негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Оның орнына жас қақпашы Шерхан көз сүйсінтерлік ойын көрсетіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.
Темірланның орнына шыққан Ш.Қалмырза кәсіпкер Ұлықбек Шәріповтен “Exeed” маркалы көлігін сыйға алды. Осы матчқа шығуға клубтың жолын ашқан Т. Анарбековке сый-сияпаттың жоқтығын ел “еленбеген еңбек” деп қабылдады. Нәтижесінде Zigi Zagi компаниясы құны 24 млн теңге тұратын көлікті тарту етті.
Еске сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасында өткен «Реал» – «Қайрат» матчы 5:0 есебімен аяқталды.
Бишер Дильназ