Бокстан Дубайда өтіп жатқан ІВА әлем чемпионатында финалға шыққан алғашқы қазақ боксшысы белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
75 келі салмақтағы жартылай финал жекпе-жегінде Аққалықов өзбекстандық әлем чемпионы Фазлиддин Еркінбовпен кездесуі тиіс болатын.
Алайда, қарсылас боксшы қолының жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Осылайша, Сабыржан Аққалықов өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің финалына жолдама алды.
