Бокстан Қазақстан құрамасы ардагерлерінің бірі, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов Дубайдағы ІВА әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
48 келі салмақта сынға түскен Теміртас жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға 0:5 есебімен жол берді.
2023 жылғы әлем біріншілігінде Санжар Тәшкенбай дәл осы Худоянды жеңген болатын.
Осылайша, Теміртас Жүсіпов 37 жасында бокстан әлем чемпионатының қола медалін еншіледі. Бұған дейін ол 2021 жылы әлем чемпионы атанған еді.
