World Taekwondo ұйымы наурыз айындағы спортшылар рейтингін жаңартты. Аталған рейтингте біршама қазақстандық таеквондошы алғашқы ондық қатарынан көрінді, деп жазады Sportbugin.kz.
Атап айтар болсақ, Самирхон Абабакиров (63 келі) пен Бейбарыс Қабылан (+87 келі) өз салмақтарында рейтингтің төртінші орнына көтерілді.
Нодира Ахмедова (49 келі) 6-шы, Батырхан Төлеуғали (80 келі) 7-ші орында.
Мария Севостьянова (49 келі) 16-шы, Мақсат Орынбасар (74 келі), Айдана Құмартаева (46 келі) және Назым Махмұтова (73 келі) 17-ші орынды бөліскен.
