Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Сәкен тұңғыш рет он раундтық жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – индонезиялық Сурия Дхарма. Сурия бұған дейін еш жеңілмеген, үш рет нокаутпен жеңіске жеткен.
Кездесу 17 сәуір күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Asia белдігін сарапқа салады.
«Титулдық жекпе-жекке дайынмын. Алғаш рет он раунд бақ сынап көремін. Қарсыласым өте мықты», — деді Сәкен.
Айта кетелік, бұған дейін Бибосынов кәсіби бокста екі кездесу өткізіп, жеңіске жетті.
