
Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
92 келі салмақ дәрежесінде белдескен Азамат Дәулетбеков алғашқы кездесуінде Моңғолия өкілі Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы.
