
Болат Сақаев Азия чемпионатының ширек финалында Солтүстік Корея спортшысы Сон Ган Джиды айқын басымдықпен жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
86 келіде өнер көрсететін отандық балуан белдесудің алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты өз қолына алып, белдесуді 12:2 есебімен аяқтады.
Енді Болат Сақаев Азия чемпионатының жүлдесі жолындағы жорығын жалғастырады.
