Иван Иванов ядро лақтырудан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан лақтыру түрлерінен құрлық додасында қазақстандық атлет қолаға қол созды.
Иван Иванов ядро лақтырудан 19,41 нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді.
Алтын және күміс медальді қытайлық атлеттер Хонгфэй Чэн (20,18) мен Ченгу Чэн (19,64) жеңіп алды.
Спортшымызды Азия чемпионатындағы жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!
