Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен рейтингілік турнир басталды. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күрөкілдесінің ері бақ сынады, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 97 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Аманалы финалда үнді балуанына есе жіберді.Қорытынды есеп: 9-13. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдегер атанды.
Финалға дейінгі жолда Нұрасыл моңғолиялық Тувшинсанаа Эрдэнэжаргал мен оңтүстік кореялық Ли Минходан басым түсіп, шешуші кезеңге дейін жеткен болатын.
Айта кетейік, ал 72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сұлтан Әсетұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде қырғызстандық Жанторо Мирзалиевке есе жіберіп, жарысты жүлдесіз аяқтады.
