BoxRec статистикалық порталы әлемнің үздік ауыр салмақтағы боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жаңартылған рейтингте отандасымыз Иван Дычко 71-орынға жайғасты.
Қазақстандық боксшы Англияның Борнмут қаласында өткен жекпе-жекте британдық Харви Дайксты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұл нәтиже
оның BoxRec рейтингіндегі көрсеткішіне оң әсер етті.
Ал аса ауыр салмақтағы фавориттердің бірі, өзбекстандық Баходир Жалолов 16-орында тұр. Допингке байланысты әуесқой бокстан шеттетілгенімен, кәсіпқой рингте өнер көрсетуге құқығы бар тағы бір өзбек боксшысы Лазизбек Муллажонов рейтингте 85-орынға орналасқан.
