Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Нұрбек Оралбай сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичхэмен қолғап түйістірді.
Кездесу барысында Нұрбек Оралбай қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалына жолдама алды. Енді келесі кезеңде ол өзбекстандық боксшы Турабек Хабибуллаевпен кездеседі.
Айта кетейік, бұл Нұрбек Оралбай үшін жаңа салмақтағы алғашқы ресми кездесу болды.
