Иранда күрес түрлерінен әлем чемпионатына іріктеу жарыстары өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Хасан Яздани боз кілемге қайта оралып, бірден екі салмақ жоғары көтерілді. Ол енді 97 келіде белдеседі.
Олимпиада чемпионы Хасан Яздани әлем чемпионатына іріктеу жарысында Олимпиада жүлдегері Амирали Азарпираны 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдамаға ие болды.
Бұл салмақта оның қарсыластары әрі басты фавориттері қатарында Ахмед Тажудинов, Абдулрашид Садулаев және Кайл Снайдер сынды балуандар бар.
