Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцариядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы:
60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар;
66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов;
73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов;
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
90 кг: Айдар Арапов;
100 кг: Марат Байкамуров;
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев.
Қазақстан әйелдер құрамасы:
57 кг: Дана Әбдірова;
70 кг: Ажар Асхат;
78 кг: Аруна Жангелдина;
+78 кг: Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, дзюдодан Grand Slam турнирі 28-30 тамыз аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді.
Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова әзірге Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне енген жоқ. Құрамда өзгерістер болуы мүмкін.
