Испания құрамасының футболшылары Фабиан Руис пен Гави әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ерекше сыйға ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболшылар туған жері — Лос-Паласьос-и-Вильяфранка қаласына оралып, құрметті қабылдауға қатысты. Жергілікті дәстүрге сәйкес, спортшыларға жетістігі үшін өз салмағына тең мөлшерде қызанақ тарту етілді.
Осылайша, Гавиге 68,5 келі, ал Фабиан Руиске 84,5 келі қызанақ сыйланды.
Айта кетейік, 2024 жылы Испания Еуропа чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Хесус Навасқа 64,7 келі, ал Фабиан Руиске 83,2 келі қызанақ берілген.
