Магомед Абдусаламов 2013 жылдың қарашасында Нью-Йоркте Майк Переспен өткен ауыр 10 раундтық жекпе-жектен кейін бас-ми жарақатын алды.
Боксшы 35 күн комада жатып, ұзақ уақыт бойы оңалтудан өтті. Алайда ауыр жағдайдан кейін ол өмір бойы мүгедектер арбасына таңылды.
Күйеуімен болған қайғылы жағдайдан кейін барлық жауапкершілікті жұбайы өз мойнына алған. Жұбайының айтуынша, боксшы сөйлей алады, дегенмен сөзі кейде анық естілмейді.
Магомед Абдусаламов 2025 жылдың 2 мамырында 12 жылдан кейін, туған жері Дағыстанға оралды. Оны әуежайда жүздеген адам күтіп алды.
Қарсы алуға UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев, әйгілі боксшы Султан Ибрагимов және Дағыстан Республикасының спорт министрі Сажид Сажидов та келген.
