World Boxing ұйымы ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ресейлік боксшыларға енді халықаралық жарыстарда бейтарап мәртебесіз, Ресей туы мен мемлекеттік рәміздерінің атынан өнер көрсетуге рұқсат берді.
Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев айтуынша, ресейлік спортшылардың халықаралық аренаға толық оралу мәселесі 2026 жылдың қаңтарында Ташкентте өткен кездесуде World Boxing президенті Геннадий Головкинмен талқыланған.
«Спорт саласындағы қалыпты байланысты қалпына келтіру мәселесін біз World Boxing президенті Геннадий Головкинмен Ташкенттегі кездесуде талқыладық», — деді Михаил Дегтярев.
Осылайша, енді ресейлік боксшылар World Boxing аясындағы халықаралық жарыстарға өз елінің туы мен әнұрағы астында қатыса алады.
