Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Екінші орта салмақта қазақстандық Бек Нұрмағанбет үздік 15 боксшының қатарына еніп, 13-орынға жайғасты.
Бек Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін 25 шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде өткізіп, ресейлік Артыш Лопсанды бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Осы жеңісінің арқасында Нұрмағанбет WBC ұйымының екінші орта салмақтағы рейтингіне еніп, 13-орынға жайғасты.
