Ауыр атлет Едіге Емберді Жапонияда өтетін Азия ойындары қатыспайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Астаналық спортшы Қытайда өтетін әлем чемпионатына немесе Катардағы турнирге қатысады. Аталған екі жарыс та 2028 жылы АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналады.
Осылайша, Едіге Емберді Жапонияда өтетін Азия ойындарында бақ сынамайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тағы бір үздік ауыр атлеті Артем Антроповтың да Азия ойындарына қатыспайтыны белгілі болған еді.
