Оңтүстік Африканың бұрынғы әлем чемпионы, танымал боксшы Золани Тете қаза тапты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, боксшы жаттығудан кейін көлігімен үйіне оралған. Ол үйінің алдына келіп тоқтаған сәтте көлікке екі ер адам жақындап, оқ атқан.
Золани Тете алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетейік, Тете IBF нұсқасы бойынша екінші ең жеңіл салмақта (2014-2015) және WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақта (2017-2019) әлем чемпионы атанды. 2017 жылғы 18 қарашада Сибонисо Гоньямен жекпе-жекте титулдық айқастар тарихындағы ең жылдам нокаут жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол қарсыласын небәрі 11 секундта бір дәл соққымен нокаутқа түсірді.
Тете соңғы ресми жекпе-жегін 2022 жылғы шілдеде британиялық Джейсон Каннингэмге қарсы өткізді. Кейін боксшы 4 жылға спорттан шеттетілді.
