Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде Еркебұлан Тоқтарға жекпе-жекке шақырды, деп жазады Sportbugin.kz.
«Олимпиада чемпионын әлсізге теңеп тұрған мынау хайпажорды маған беріңдер, жарты раунд», — деп жазды Елеусінов.
Ал Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионының ұсынысына өз пікірін білдірді.
«Бұл кісі — Олимпиада чемпионы ғой. Менің деңгейіме түсіп, менімен бокстасатын адам емес. Дәке, егер мені ұру керек болса, Rukh Boxing-ке келіп, ұрып тастай салсаңыз болады. Ал халықтың алдында болғанын қаласаңыз, промоутерлерге өтініш беріп, жауап бой жасаңыз. Мен максимально тұрып беремін. Олимпиада чемпионынан таяқ жеу ұят емес », — деді Еркебұлан Тоқтар.
