Ресейлік танымал журналист әрі комментатор Дмитрий Губерниев Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Ресейлік немесе Мәскеуде туған Рыбакина US Open турнирінде жеңіске жетті!» деген тақырыптардың тарағанын айтқан журналист бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
«Бұл дұрыс емес. Рыбакина — Қазақстанның спортшысы. Қазақстан оған көмектесіп, инвестиция жасады. Ал біз оны жіберіп алдық! Бұл бізде жиі болатын жағдай. Рыбакина — нағыз чемпион! Жарайсың, Қазақстан!» — деп жазды Губерниев.
Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, мансабында алғаш рет аталған жарыстың чемпионы атанды.
