Бокстан әлем чемпионы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов Азия ойындары қарсаңында Төрехан Сабырханға сәттілік тілеп, ағалық ақылын жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бапкерлердің Төреханды таңдағаны дұрыс деп ойлаймын. Талантты, жас боксшы. Қазір нағыз жарқырайтын шағы, сондықтан, Азия ойындарында да Төрехан алысқа шабады деп ойлаймын.
Әрине, қарсыластары осал емес. Бірақ олар да адам баласы ғой, олардың да екі қол, екі аяғы бар. Сол себепті, қорқатын жөн жоқ.
Азия ойындарында Иордания мен Жапония боксшылары басты қарсылас болары анық.
Ишаишпен де, Окадзавамен де жұдырықтастым. Жақсы тактика қойып, жоғары дайындықпен шықса, біздің Төрехан жеңетіні анық.
Әрине, жапон боксшысының өз жерінде өтіп жатқандықтан, төрешілерден қысым болуы мүмкін. Егер жеңісті бермей жатса, құлату керек (күлді)», — деді Асланбек Шымбергенов.
