УЕФА Атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орын ретінде бекітті, деп жазады Sportbugin.kz.
УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін матч «Астана Арена» стадионында өтеді.
Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды.
