Бокстан әлем және Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов Азия ойындары қарсаңында өз болжамын бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz.
«Меніңше, осы Азия ойындарында алтын медаль міндетті түрде болады. Қазақ боксшылары 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль алады деген болжамым бар. Екі Азия ойындарында алтынсыз қалғанымыз бар, енді бәрі түзеледі деп ойлаймын», — деді Шымбергенов.
Айта кетелік, Асланбек Шымбергенов Азия ойындарына екі рет қатысып, бір күміс және бір қола медаль иеленген.
