Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарында өнер көрсететін екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның басты қарсыластарын атады, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақта 24 боксшы бақ сынайды. Махмұд Сабырхан әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.
Оның негізгі қарсыластарының бірі — рейтингтің екінші сатысындағы Жапония өкілі Руи Ямагучи. Ол 2026 жылғы Азия чемпионы атанды. Ал 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Сабырхан жапон боксшысын 5:0 есебімен жеңген.
Сондай-ақ әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған моңғолиялық Билгунсайхан Хархуу. Сабырхан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында Хархууға есе жіберген болатын.
Филиппиндік Карло Паалам да қауіпті қарсыластардың бірі. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерімен Сабырхан 2022 жылғы Азия чемпионатының финалында кездескен. Сол жекпе-жекте жеңіс Пааламның еншісінде кеткен.
Сонымен қатар 55 келі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы өзбекстандық Самандар Олимов, Азия ойындарының қола жүлдегері солтүстіккореялық Чон Рионг Со және Азия чемпионатының қола жүлдегері иорданиялық Хузайфа Ишаиш өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Аичи-Нагоя Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
