Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында футболдан Өзбекстан мен Филиппиннің 23 жасқа дейінгі құрамалары кездесті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Топтық кезеңнің алғашқы турында өткен матчта өзбекстандық футболшылар 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Өзбекстан құрамасының сапынан Мұхаммадали Уринбоев, Саидумархон Саиднурллаев, Рузибой Файзуллаев және Мұхаммадали Реимов гол соқты.
Кездесудің 48-минутында филиппиндік қорғаушы Гэвин Мюнс алаңнан қуылып, Өзбекстан құрамасы сандық басымдыққа ие болды.
Екінші турда Өзбекстан 18 қыркүйекте Кувейтпен кездессе, Филиппин дәл осы күні Вьетнам құрамасына қарсы ойнайды.
