Ақтауда қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
65 келі салмақта өнер көрсететін Ертуған Зейнуллинов ширек финалда Амангелді Элдарды жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Енді қазақстандық боксшы жартылай финалда Әзербайжан өкілімен кездеседі.
Айта кетейік, аталған салмақта сынға түскен белгілі боксшылардың бірі Абзал Серік жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
