Семсерлесуші Руслан Курбанов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз 1/8 финалда Гонконг өкілі Нг Хо Тинмен кездесіп, 9:15 есебімен жеңіліп қалды.
Ал тағы бір қазақстандық семсерлесушісі Кирилл Проходов жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда Қытай спортшысы Лань Минхаоны жеңді.
